Басылымның газет, онлайн және мобильді нұсқаларын әлем бойынша 350 миллионнан астам адам оқиды.
Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Бүгін Қытайдың ағылшын тілді танымал Сhina Daily газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Strong Kazakh-Sino ties key to successful cooperation" ("Қазақстан мен Қытайдың берік қарым-қатынасы – табысты ынтымақтастық кепілі") атты мақаласы жарық көрді", – деп жазды ол.
Мақалада Қазақстан мен ҚХР арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамыту, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлеуетін нығайту тақырыптары қозғалған.
Газеттің дүниежүзілік таралымы – 700 000 дана.