Түркияның Денизли провинциясына қарасты Булдан ауданындағы орман өртін сөндіруге бағытталған ұшақ Мугла провинциясының Ятаган ауданында апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Oxu.Az таратқан мәліметке сәйкес, мәжбүрлі қону кезінде ұшқыш жарақат алған.
Ол жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Қазір оның өміріне ешқандай қауіп жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Польшада әуе шоуына дайындық кезінде F-16 ұшағы құлап, пилот қаза тапқан еді.