What are you looking for?

Тоқаев Малайзия премьер-министріне де құттықтау жеделхатын жолдады

31.08.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагим мен оның отандастарын Малайзияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мемлекет басшысы Қазақстан мен Малайзия арасындағы өзара түсіністік пен ортақ құндылықтарға негізделген қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагимнің аса жауапты қызметіне табыс, ал Малайзия халқына құт-береке тіледі", — делінген Ақорданың баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өз атынан президент Садыр Жапаров пен оның отандастарын Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтағанын жазған едік.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media