What are you looking for?

ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады

31.08.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысушы елдердің делегация басшылары құрметіне ұйымдастырылған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысу үшін Тяньцзиндегі "Мэйцзян" конференц-орталығына барды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Мемлекет басшысын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен оның зайыбы Пэн Лиюань күтіп алды.

ШЫҰ саммитіне қатысушы мемлекеттердің делегация басшылары бірге суретке түсті.

Social Link

Follow Me On Social Media