What are you looking for?

Шымкентте осы аптада 37 градусқа дейін ыстық болады

01.09.2025

Алдағы жеті күнде Шымкентте ауа райы қандай болады? Күн райы болжамы OpenWeather порталында жарияланды.

Метеорологтардың мәліметінше, 1 қыркүйекте Шымкентте күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 32°C-қа дейін көтеріліп, түнде 15°C-қа дейін түсуі мүмкін. Ауа ылғалдығы – 10 пайыз, желдің жылдамдығы – 9,5 м/с.

2 қыркүйекте де күн ашық болады. Сейсенбіде үшінші мегаполисте ауа температурасының максималды көрсеткіші 32°C-қа дейін жетіп, минималды көрсеткіші 17°C-қа дейін төмендейді. Ауа ылғалдығы – 13 пайыз, желдің жылдамдығы – 9,2 м/с.

3 қыркүйекте де күн ашық болады деп күтіледі. Күндіз ауа температурасы 31°C-қа дейін көтеріліп, түнде 16°C-қа дейін түседі. Ауа ылғалдығы – 17 пайыз, желдің жылдамдығы – 10,9 м/с.

4 қыркүйекте де Шымкентте күн ашық болады. Жұмада қалада ауа температурасының максималды көрсеткіші 35°C-қа дейін жетіп, минималды көрсеткіші 19°C-қа дейін төмендейді. Ауа ылғалдығы – 11 пайыз, желдің жылдамдығы – 6,4 м/с.

5 қыркүйекте де күн ашық болады. Күндіз 37°C-қа дейін ыстық болса, түнде ауа температурасы 23°C-қа дейін төмендейді. Ауа ылғалдығы – 8 пайыз, желдің жылдамдығы – 6,4 м/с.

6 қыркүйекте де күн ашық болады деп күтіледі. Сенбіде Шымкентте максималды ауа температурасы 35°C болса, минималды температура 21°C болмақ. Ауа ылғалдығы – 8 пайыз, желдің жылдамдығы – 4,8 м/с.

Жексенбіде күн бұлтты болады. Десе де, күндіз ауа температурасы 30°C-қа дейін көтеріліп, түнде 21°C-қа дейін төмендейді. Ауа ылғалдығы – 34 пайыз, желдің жылдамдығы – 6,3 м/с.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media