What are you looking for?

Қазақстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының жаңа орталығы ашылуы мүмкін

01.09.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының Су мәселелерін зерттеу орталығын ашуды ұсынды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы экология саласындағы ықпалдастықты маңызды міндет деп атады.

"Климат өзгерісі шекара таңдамай, әлемнің көптеген елі мен өңіріне қауіп төндіріп отыр. Нақты қатерлерге, мәселен, шөлейттенуге, құрғақшылыққа, су қоймаларының тартылуына, мұздықтардың еруіне және басқа да экологиялық мәселелерге қарсы күрес стратегиясын бірлесе әзірлеу өзекті.

Сондықтан Қазақстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының Су мәселелерін зерттеу орталығын ашуды қолдаймыз", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің келіссөздерінен кейін Қазақстанда екінші және үшінші Лу Бань зертханаларының ашылу рәсімі өткен еді.

Ақорданың мәліметінше, бұл жоба Лу Бань зертханасының тәжірибесін тарату жөніндегі Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында іске асырылды. Ол экономиканың түрлі секторы бойынша тәжірибеге бағдарланған оқыту мен маман даярлауды көздейді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media