What are you looking for?

Оқу-ағарту министрі барша қазақстандықты Білім күнімен құттықтады

01.09.2025

Министр өз сөзінде биыл білім саласында болған ауқымды жаңалықтарға тоқталып, оқушылар мен ұстаздарға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

Министрдің айтуынша, 2025-2026 оқу жылында ел бойынша 7859 мектеп балаларға білім бермек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол өз құттықтауында:

"Құрметті әріптестер! Қадірлі ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар!

Бүгін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі білім ордалары өз есігін айқара ашады. Жаңа оқу жылын біз үлкен жоспарлармен, үкілі үмітпен бастап отырмыз. Сіздердің әрқайсыңыз еліміздің болашағы үшін өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Биылғы оқу жылы оқушыларымыз бен ұстаздарымызды жаңа биіктерді бағындыруға шабыттандыратын жетістіктер мен жеңістерге толы болсын деп тілеймін!

Білім күні құтты болсын!", – деді министр Ғ. Бейсембаев.

Social Link

Follow Me On Social Media