What are you looking for?

Шавкат Рахмоновтың Ресей туының астында өнер көрсететіні туралы ақпарат тарады

11.03.2025

Қазақстандық жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов күтпеген жерден ресейлік спортшылардың тізімінде пайда болды , деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеп.

Танымал ММА сарапшысы Ксавье Лафламм UFC басшысы Дана Уайтқа ресейлік спортшылар мен америкалықтар арасында супертурнир ұйымдастыруды ұсынды.

Ұсынылған жекпе-жек кешінің құрамында жеңілмеген қазақстандық жартылай орта салмақтағы Шавкат Рахмонов та бар, бірақ оны Ресей туының астына қойған. Сонымен қатар Лафламм турнирдің өтетін орнын және нөмірін де белгілеген.

"UFC 318: Филадельфияда АҚШ Ресейге қарсы бақ сынайды:

  • Дастин Порье – Ислам Махачев;
  • Джамахал Хилл – Магомед Анкалаев;
  • Колби Ковингтон – Шавкат Рахмонов;
  • Шон О’Мэлли – Умар Нурмагомедов;
  • Деррик Льюис – Сергей Павлович;
  • Майкл Чендлер – Арман Царукян;
  • Кевин Холланд – Абубакар Нурмагомедов;
  • Бо Никал – Икрам Алискеров", – деп жазды америкалық сарапшы желідегі парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мұхаммад титулдық жекпе-жекке келесі үміткер ретінде қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновты атады. BelieveYouMePodcast подкастында Мұхаммад Леон Эдвардстың жақын арада реванш алу мүмкіндігі жоқ екенін айтты. Осылайша, Шавкат Рахмонов UFC титулдық жекпе-жегіне бір қадам жақындап, Қазақстаннан шыққан алғашқы UFC чемпионы атануға мүмкіндік алуы мүмкін.

Social Link

Follow Me On Social Media