What are you looking for?

Қытай Бейжіңдегі парадта ядролық әскери техникасын көрсетті

03.09.2025

Бейжіңде Екінші дүниежүзілік соғыстағы және жапон басқыншылығына қарсы күрестегі Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парад өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салтанатты іс-шара барысында алаңда Қытай армиясының ең қуатты техникалық жетістіктері көрсетілді.

РИА Новости агенттігінің мәліметінше, парад кезінде жиналған жұртшылыққа Қытайдың алты жаңа зениттік зымыраны көрсетілді. Олардың қатарында HQ-19, HQ-12 және HQ-29 бар.

Сонымен қатар, Қытай стратегиялық ядролық құрлықаралық DF-5C зымыранын таныстырды. Бұл зымыран бүкіл планетаны қамтитын ауқымда әрекет ете алады.

Осылайша, Қытай алғаш рет парадта өзінің құрлықта, теңізде және әуеде орналасқан стратегиялық күштерін — ядролық үштағанын (триада) таныстырды.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевта әскери парадқа құрметті қонақ ретінде қатысты.

Social Link

Follow Me On Social Media