What are you looking for?

Үлкен Алматы өзеніне кәріз суы құйылған

03.09.2025

Алматыдағы Дулати даңғылының тұрғындары Үлкен Алматы ластанып жатқанына шағымданды. Олардың айтуынша, өзенге кәріз суы құйылып, осылайша өзендегі фауна жойылып жатыр , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жергілікті тұрғындар лас өзен көрінетін видеоны да жолдаған.

"Біреу кәріз суын жіберген, балық өліп, тұншығып жатыр. Су қап-қара, күлімсі иіс шығады", — дейді видео авторы.

Алматының Экология департаменті жағдайға пікір білдірді.

"Су сынамаларын алдық. Дулати 224 учаскесінде орталық кәріз құбыры жарылғаны анықталды. Қазір иесін анықтап жатырмыз", — деді департамент өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget

Social Link

Follow Me On Social Media