Бір адам із-түссіз жоғалып кетті.
Британияның шығыс жағалауындағы Солтүстік теңізде химиялық зат тиелген кеме әуеотыны бар танкерге соқтығысып, алапат өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, жүк кемесіндегі экипаждың бір мүшесі із-түссіз жоғалып кеткен.
Оқиға дүйсенбі күні таңертең сағат 10 шамасында болған. Crowley компаниясының Stena Immaculate америкалық танкері Кингстон-апон-Халл қаласы мен Гримсби портына жақын жерде тұрғанда оған Solong контейнерлік кемесі жақындаған.
Танкерде Jet A-1 реактивті отыны, ал Solong кемесінде 15 контейнер натрий цианидасы болған. Бұл химикат тірі ағзаларға, соның ішінде балықтарға қауіпті, ол қызған кезде қауіпті газдар бөлуі мүмкін.
Отынның бір бөлігі теңізге төгіліп кеткен. Әзірге жүк кемесіндегі зиянды заттардың теңізге түскені туралы ақпарат жоқ.
Дүйсенбі күні кешке екі кеме өртеніп жатты.
Бүгінгі таңда екі кеменің соқтығысу себебі белгісіз. Тергеу жалғасып жатыр.