What are you looking for?

Полиция Алматыда өтетін "Қайрат" – "Реал" матчына байланысты мәлімдеме жасады

03.09.2025

Полиция Алматыда өтетін "Қайрат" – "Реал" матчына байланысты жанкүйерлерге үндеу жасап, билеттерді сатып алу кезінде аса мұқият болуға шақырады. Бұл туралы Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, тәжірибе көрсеткендей, ірі спорттық және мәдени іс-шаралар кезінде интернет арқылы жалған билеттер ұсынатын алаяқтар белсенді әрекетке көшеді.

Осы орайда полиция азаматтарға билеттерді тек ресми кассалардан және лицензиясы бар таратушылардан сатып алуды ұсынады.

"Қала тұрғындары мен қонақтарына ескертеміз: алдағы матчқа қызығушылықтың артуымен қатар, алаяқтық тізбектердің қаупі де жоғарылайды. Еш уақытта билетті қолдан немесе тексерілмеген интернет-платформалардан сатып алмаңыз.

Күмән туған жағдайда ресми дистрибьютор кассасына жүгініңіз", — дейді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Анес Қалдыбаев.

Полиция күмәнді хабарландырулар мен алаяқтық деректері анықталған жағдайда бірден "102" нөміріне хабарлау қажет екенін еске салады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media