Әйел жақындарын хабардар етпестен, өз бетінше шетелге ұшып кеткен.
Қазақстан азаматшасын Таяу Шығысқа заңсыз әкету әрекеті әшкереленіп, ол елге дер кезінде қайтарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматы прокуратурасының, ұлттық қауіпсіздік қызметі департаментінің үйлестіруімен, сондай-ақ интерполдың және Қазақстанның Оман Сұлтандығындағы елшілігінің жәрдемдесуімен, Қазақстан Республикасының азаматшасын шетелге еңбекке пайдалану үшін заңсыз тарту және әкету әрекетінің жолы кесілді.
Зардап шегушінің ұзақ уақыт бойы "Ханифа" атты шетел азаматымен байланыста болғаны анықталды. Ол оған жұмысқа орналасу үшін Таяу Шығыс елдерінің біріне көшуді бірнеше рет ұсына отырып, тиімді жұмыс жағдайларын уәде еткен.
Оман Сұлтандығының халықаралық әуежайына келгеннен кейін, ол жедел іс-шараларынан кейін ұсталып, сол күні Отанына қайтарылды.
Алматы прокуратурасы шет елдерде жұмысқа орналасу туралы ұсыныстарды алған кезде азаматтар алаяқтар мен адам сатушылардың құрбаны болмас үшін қырағылық танытулары және ақпараттың дұрыстығын тексерулері керек екенін ескертеді.