What are you looking for?

Қазақстандықтар бар ма? СІМ Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандарға қатысты жағдайды түсіндірді

04.09.2025

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров 2025 жылғы 4 қыркүйекте Сенаттағы брифингте Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендерге қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар екендігі жөнінде министрлікке әзірге ақпарат түскен жоқ.

"Біздің деректеріміз бойынша, Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ. Мәселе бақылауда, Кабулдағы елшілігіміз үнемі байланыста", – деді Қуантыров.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ауғанстандағы Джелалабад қаласының маңында магнитудасы 5,2 жер сілкінісі болғаны хабарланған еді.

Social Link

Follow Me On Social Media