What are you looking for?

Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан аудан тұрғыны ұсталды

04.09.2025

Атырау облысы полиция депараменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Қарасора-2025" жедел профилактикалық іс-шараларын жүргізу кезінде қала аумағындағы көшелердің бірінде есірткі заттарын таратумен айналысқан 37 жастағы Жылыой ауданының тұрғынын ұстады.

Күдіктінің жеке басын және жалдамалы пәтерін тексеру кезінде әрқайсысы 0, 75 граммды құрайтын ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған 45 орама табылды.

Сондай-ақ өзінің көрсетуімен жасырылған 5 орама тәркіленді.

Алынған заттар салмағы 38, 7 грамм болатын "Альфа-PVP" синтетикалық есірткі заты екені анықталды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 297 – бабы 3 – бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қазіргі уақытта күдікті ҚР ҚПК 128-бабы бойынша қамауға алынды.

Social Link

Follow Me On Social Media