Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірқатар жоғары лауазымды қызметкерлерінің қамауға алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, желіде ҰҚК-нің бірқатар жоғары лауазымды қызметкерінің қамауға алынғаны туралы ақпарат жарияланған.
"Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын естеріңізге саламыз", — делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз