Бокстан World Boxing аясында Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде екі қазақ боксшысы шаршы алаңға шығады. Бұл туралы еліміздің бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Федерацияның мәліметінше, екі боксшы да күндізгі сессияда өнер көрсетеді.
Атап айтқанда, 57 келіде Карина Ибрагимова грекиялық Панагита Кузилумен қолғап түйістірсе, 65 келіде Аида Әбікеева мажарстандық Лука Хамориға қарсы жекпе-жек өткізеді.
Күндізгі сессиядағы кездесеулер Қазақстан уақытымен 15:00-де басталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз