What are you looking for?

ТЖМ қызметкерлері ауыр жүк көліктеріне көмекке келді

05.03.2025

Ақтөбе облысында ТЖМ қызметкерлері ауыр жүк көліктеріне көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында «Дон-Бадамша» автожолында жүк көлігі қар құрсауында қалып, қозғалысты тоқтатып, нәтижесінде екі жағынан 30-ға жуық көлік кептеліп қалды.

ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен ТЖД қызметкерлері қар құрсауынан 2 жүк және 2 жеңіл көлігін шығарды. Медициналық көмекке ешкім де мұқтаж болған жоқ. Жолды тазалағаннан кейін көліктер жолдарын жалғастырды, — деп жазылған министрлік таратқан мәліметте.

Social Link

Follow Me On Social Media