What are you looking for?

Шымкенттік полицейлер жанармай бекетіндегі қайғылы жағдайдың алдын алды

05.09.2025

Шымкентте полицейлер жанармай бекетіндегі қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды ІІМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның Telegram-дағы POLISIA.KZ арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, 4 қыркүйекте түнде қала көшелерін патрульдеу барысында инспекторлар Ерсұлтан Өмірзақов пен Рахат Мырзабеков автожанармай бекеті аумағынан шығып жатқан қою түтінді байқаған.

Тәртіп сақшылар бірден "101" қызметіне өрт жайлы хабар беріп, оқиға орнына жөнелген.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін полицейлер отқа жақын тұрған автокөлікті қауіпсіз жерге шығарып, азаматтарды дер кезінде эвакуациялаған.

Осылайша, полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында үлкен апаттың болуына жол берілмеген.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media