What are you looking for?

Гүлсая Ержан бокстан әлем чемпионатының ширек финалына өтті

08.09.2025

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Гүлсая Ержан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Ивета Лесинцкитемен (Литва) кездесті, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен Гүлсая Ержан үшінші раундта басымдық танытып, жеңісті суырып алды. Қорытынды есеп: 3-2.

Бұған дейін жартылай жеңіл салмақтағы боксшы Махмұд Сабырхан әлем чемпионатын сәтті бастағанын жазғанбыз.

Social Link

Follow Me On Social Media