What are you looking for?

"Барыс" "Амурды" буллит сериясында жеңді

10.09.2025

Елордалық хоккей клубы қатарынан екі ойында жеңіске жетті.

"Барыс" маусымдағы екінші ойында "Амурды" буллит сериясында жеңді – 4:3Б. Екінші кезеңде шабуылшылар Тайс Томпсон мен Кирилл Ураковтың төбелесі де ойынға біраз серпін берді. Айдын қожайындары 0:2 есебімен ұтылып жатып, камбэк жасады.

Кирилл Савицкий мен Дінмұхаммед Қайыржан екі ұпайдан еншіледі. Буллиттер сериясында шешуші соққыны Кирилл Савицкий орындап, ал Андрей Шутов қарсыластың үш соққысын да қайтарды.

"Барыс" – "Амур" – 4:3 Б (0:1, 3:1, 0:1, 0:0, 1:0)

0:1 – Ли (Мищенко) 19:53

0:2 – Дубакин (Заседа) 20:51

1:2 – Уолш (Қайыржан, Веккьоне) 29:24

2:2 – Савицкий (Масси, Қайыржан) 32:07

3:2 – Ғалымов (Савицкий, Оразов) 36:43

3:3 – Петьков (Қоротких, Евсеев) 41:18

4:3 – Савицкий 65:00Б

Қақпашылар: Шутов – Дорожко

"Барыс" өз алаңындағы ойындар сериясын жалғастырып, 13 қыркүйекте Астанада "Динамоға" қарсы ойнайды.

Social Link

Follow Me On Social Media