What are you looking for?

Саясат Нұрбек халықаралық Learning Hero сыйлығына ие болды

10.09.2025

Coursera-ның жыл сайынғы конференциясында еліміз үшін маңызды оқиға орын алды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек халықаралық Learning Hero Award сыйлығымен марапатталды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Learning Hero Award – Coursera платформасы тарапынан білім беру саласында жаңашылдық енгізіп, ауқымды өзгерістерге жол ашқан көшбасшыларға берілетін марапат. Ол ұлттық деңгейде цифрлық оқытуды дамытуға ерекше үлес қосқан азаматтарға табысталады.

– Қазақстан білім беруді цифрландырудың бірегей үлгісін қалыптастырып келеді. Мәселен, Coursera платформасында қазақстандық студенттер мен оқытушылар 350 мыңнан астам сертификат алды. Жүздеген курс қазақ тіліне аударылып, студенттерге қолжетімді болды. Сондай-ақ жоғары оқу орындары онлайн курстарды оқу бағдарламаларына енгізіп, үздік цифрлық ресурстарды барлық студенттер пайдалана алады, – делінген министрлік хабарламасында.

Бұл стратегиялық қадамдар Қазақстанды бүкіл әлемге цифрлық білім беру реформасын табысты жүзеге асырып жатқан ел ретінде танытты.

Social Link

Follow Me On Social Media