What are you looking for?

Алматыдағы ауруханада өкпе қуысына сәтті ота жасалды

05.03.2025

Алматыдағы №1 қалалық клиникалық ауруханасының торакалды хирургия бөлімшесінде «пневмотораксі асқынған, оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің алып қуыстары эмфиземасы» диагнозы қойылған 60 жастағы науқасқа күрделі ота жасалды.

Науқас 18 ақпан күні кеуде тұсы қатты ауырып, ентіккен жағдайда ауруханаға түскен. Хирургтер тобы ақпанның 20-сына дейін науқасты отаға әбден дайындап алып, сол күні өкпе буллаларын бейнеторакоскопиялық кесу, тігу, және өкпеқап қуысына Бюлау бойынша білте қою әдісімен операция жасады.

Хирургияның озық әдістері мен дәрігерлердің кәсібилігінің арқасында науқас үшін операциядан кейінгі кезең асқынусыз, оң динамикамен өтті. Енді міне, науқастың денсаулығы дұрысталған кейін отбасына оралып отыр.

Дегенмен №1 ҚКА торакалды бөлімшесінің меңгерушісі Нұрхат Жүнісов бұл аурудың ауыр зардаптары туралы ескерте келе: «Алып буллезді эмфизема кезінде өкпе тінінде ірі ауа қуыстары (буллалар) пайда болып, қалыпты газ алмасу үдерісін бұзады. Пациент қатты ентігіп, кеуде қуысының ауырғанын сезеді, ал булла жарылған жағдайда пневмоторакс пайда болады – бұл қауіпті жағдай, онда ауа плевра қуысына шығып, өкпенің жабысып қалуына душар етеді. Дер кезінде хирургиялық операция жасалмаса науқаста пневмоторакс қайталанып, прогрессивті тыныс жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Заманауи, ағзаға зақымы барынша аз әдістер науқастың денсаулығын тез қалпына келтіреді», дейді.

АЛМАТЫ

Social Link

Follow Me On Social Media