What are you looking for?

Бокстан ӘЧ-2025: Төрехан Сабырхан жартылай финалға шығып, жүлдеге ілінді

10.09.2025

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы сапында өнер көрсететін Төрехан Сабырхан Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Былғары қолғап шебері 70 келіге дейінгі салмақта кем дегенде қола медаль иегері атанбақ.

Отандасымыз ширек финалда франциялық Макан Траорені айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша, Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) алғаш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері атанып үлгерді.

Бұған дейін Назым Қызайбайдың Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алғанын жазғанбыз. Сондай-ақ Алуа Балқыбекова да келесі кезеңге өткені хабарланған. Виктория Графеева да Ұлыбританияда өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өтті. Ал ерлер арасында Махмұд Сабырхан косовалық қарсыласын нокаутқа түсірді.

Social Link

Follow Me On Social Media