What are you looking for?

Қырғызстанда бір қаланың атауы өзгерді

10.09.2025

Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Жалал-Абад қаласының атауын Манас деп өзгерту туралы заң жобасын үш оқылымда мақұлдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министрлер кабинеті жанындағы Мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару істері агенттігінің директоры Құдайберген Базарбаевтың айтуынша, бұл бастама ұлттық идеологияны нығайтуға және қырғыз халқының батырлық тарихын ұлықтауға бағытталған.

Қалаға ел қорғаушы ұлы қаһарман Манастың есімін беру – тарихи әділеттілікті орнату деп бағаланып отыр. Атауды өзгертуге шамамен 15 миллион сом бөлінеді.

Қырғыз саясаткері Феликс Кулов та бұл бастаманы қолдап, Жалал-Абадтың мәртебесін көтеру жөнінде ой бөлісті.

Оның пікірінше, қала атауын Манас деп өзгерткен соң, оған әкімшілік астана мәртебесін беру туралы да қарастыру қажет.

– Мысалы, Нидерландта астана – Амстердам болса, мемлекеттік басқару орталығы – Гаага. Оңтүстік Африкада үш түрлі астана бар: Претория (әкімшілік), Кейптаун (заң шығарушы), Блумфонтейн (сот). Біз де осы үлгілерді ескеріп, Манасқа әкімшілік астана мәртебесін бере аламыз. Кейбір министрліктер мен мемлекеттік корпорацияларды оңтүстікке көшіру арқылы Бішкектің жүктемесін азайтар едік, – деді саясаткер.

Осылайша, Қырғызстанда тарихи тұлға Манастың есімі ресми түрде қалаға беріліп, елдің саяси картасында маңызды өзгеріс жасалғалы отыр.

Social Link

Follow Me On Social Media