Астана халықаралық қаржы орталығында жаңа Almex Holding Limited холдингі тіркелді. Жарғылық капиталы – 10 мың АҚШ доллары (шамамен 5,39 млн теңге), деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .
Жаңа компанияның директоры болып Жомарт Нұрабаев тағайындалды. Ол бұған дейін де "Алмэкс" холдингтік тобы" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарып келген.
Компанияның бас атқарушы директоры (CEO) қызметіне Жантас Абдуллов келді. Ол – "Алмэкс" холдингтік тобы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
Айта кетейік, Құлыбаевтар дәл осы "Алмэкс" холдингі арқылы Қазақстан Халық Банкінің 56,39% акциясына иелік етеді.