What are you looking for?

Жыл сайын әлемде 20 млн-ға жуық жаңа обыр дерегі тіркеледі

11.09.2025

Бүгінде жер бетіндегі әр бесінші адамға қатерлі ісік диагнозы қойылады. Әр тоғызыншы ер адам және әр он екінші әйел осы дерттен қайтыс болады. Ең жиі кездесетін түрлері – өкпе, сүт безі және тері обыры. ДДСҰ берген мәлімет бойынша науқастардың шамамен жартысы дерттен айықпайды.

Ауру ересектерге де, балаларға да бірдей қауіп. Жыл сайын әлемде 20 миллионға жуық жаңа обыр дерегі тіркеледі. Статистиканың өсуіне негізгі әсер ететін факторлар – халықтың қартаюы, темекі шегу, алкогольді шамадан тыс пайдалану, семіздік және ауаның ластануы.

Social Link

Follow Me On Social Media