What are you looking for?

Жасанды интеллект Enbek.kz порталында 50 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынды

11.09.2025

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Enbek.kz" электронды еңбек биржасында жасанды интеллект көмегімен жұмыс іздеушілер үшін бос жұмыс орындарын автоматты түрде анықтау функционалдығын жүзеге асырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қолданылатын ЖИ моделі түйіндемелер мен бос жұмыс орындарын талдай отырып, талап етілетін мамандықты немесе мамандықтар тобын, күтілетін жалақы мөлшерін, тұрғылықты өңірді және кәсіби дағдыларды ескере отырып ұсыныстар береді. Бұл ретте табиғи тілді өңдеу және машиналық оқыту бойынша заманауи технологиялар пайдаланылады", – делінген хабарламада.

Аталған жоба түйіндемелер мен вакансияларды талдау процесін автоматтандыруға бағытталған, бұл жұмыс берушілер үшін лайықты кандидаттарды іздеу уақытын едәуір қысқартуға және қол еңбегін азайтуға мүмкіндік берді.

Түйіндемені өңдеу уақыты 2 секундтан аспайды, ал қолмен вакансия іріктеу процесі 80%-ға қысқарды. Алдағы уақытта ЖИ-ді қолдану арқылы жұмыс іздеу процесін 90%-ға дейін жеделдету күтіледі.

Social Link

Follow Me On Social Media