Қазақстандық жүргізуші куәлігінен электрондық чип алып тасталады
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігі үлгісіне түзетулер енгізбек. Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Жобаның мақсаты — жүргізуші куәлігінен электрондық чипті алып тастау, себебі қаржылық тұрғыдан тиімді.
Ведомствоның мәліметінше, чип-модульді енгізу және пайдалану қосымша шығынды талап етеді, ал ол функцияны қазір мемлекеттік деректер базасы мен ақпараттық жүйе толық қамтамасыз етіп отыр.
— Осы орайда чипті алып тастау бюджет қаражатын үнемдеуге және құжатты дайындау процесін оңтайландыруға мүмкіндік береді, — деп түсіндірілген құжатта.