Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Виктория Графеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медальға ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалына дейін жетті. Виктория бұл кезеңде бразилиялық Ребека Де Лима Сантоспен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша бразилиялық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Виктория Графеева (60 келіге дейін) Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз