What are you looking for?

Әкесіне жұдырық жұмсаған түркістандық жігіттің әйелінің үстінен де қылмыстық іс қозғалды

13.09.2025

Түркістан облысында әкесін ұрып өлтірген азғынның әйеліне де қылмыстық іс қозғалды. Әуелі бас күдікті ретінде күйеуін қамаған Шардара аудандық полиция бөлімі енді оның келіншегіне ұрып соғу бабымен қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK ақпаратына сүйенсек, көршісінің айуандығын апта бұрын Шардара тұрғыны жасырын түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктеген. Еңгезердей еркек, өз әкесіне аузына келгенін айтып, аяусыз ұрып жатқаны түсірілген. Кейін келіншегі екеуі қанға бөккен қарияны сүйретіп әкеткені анық көрінеді.Жанында кішкентай балақайлар бейқам ойнап жүргеніне қарағанда, қартқа қарсы қатыгездік отбасында үйреншікті көрініске айналған сияқты.

Артынша әбден таяқ жеген қарттың көз жұмғаны туралы ақпарат тарады. Күдікті Шардара ауданында атақты асаба, мешітте азаншы әрі мәдениет жанашыры екен. Қазір ол қамауда. Енді оның келіншегінің басына да қара бұлт үйірілді.

Бұған дейін Ташкентте анасының қолынан 7 жастағы қыз қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Social Link

Follow Me On Social Media