What are you looking for?

Өскемендік кәсіпкер алаяққа сеніп, 23 миллион теңге ақшасынан айырылды

16.09.2025

Жеке кәсіпкер әйел алаяқтың құрбаны болған .

Бейтаныс әйел өзін қаржы мәселелерін шешіп және бизнесті дамытуға көмектесетін адам ретінде таныстырған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ол жалған бизнес-жоспарын ұсынып, сенімді түрде сөйлеп, кәсіпкердің сеніміне кірген. Күдікті 2 ай ішінде түрлі сылтаулармен, оның ішінде несие рәсімдеу үшін деп, жәбірленушіден жалпы сомасы 23 миллион теңге алған.

Сонымен қатар пайызбен қарыз алып, қолхаттар жазып бергенімен, уәдесін орындамаған.

Қазір аталған дерек бойынша алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Social Link

Follow Me On Social Media