What are you looking for?

Танымал суретші Ләззат Шайкежанова өмірден өтті

16.09.2025

Қарағандыда бүкіл әлемге танымал, белгілі суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Ләззат Шайкежанова өмірден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзінің қиын өмір жолына қарамастан жас суретші өнер жолын бір сәтке де тоқтатпаған. Оның сырға толы, қайталанас картиналары елімізде ғана емес шет елдерде де танымал.

Ляка – суретшінің шығармашылықтағы псевдонимі. Ол өнерді, туған Қарағандысын, жануарларды және өмірді ерекше жақсы көрген.

"Суретшімен қоштасу рәсімі 17 қыркүйекте Қарағанды қаласындағы Әнет баба атындағы Орталық мешітте өтеді", – деп хабарлады "5 арна" өзінің Instagram парақшасында.

Бұған дейін Чарли Керктің өліміне қатысты жаңа мәліметтер пайда болғанын жазғанбыз.

Social Link

Follow Me On Social Media