Министрліктің түсіндіруінше, бұл – интернет-алаяқтардың қолма-қол ақшаға айналдыру және ұрланған қаражатты жасыру үшін жиі қолданатын әдісі.
Қазақстанда дропперлікке қарсы қатаң шара қабылданды. 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске жаңа 232-1-бап енгізілді, деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Жаңа бапқа сәйкес, банк шотына, төлем немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізу, оларды беру немесе алу, сондай-ақ материалдық сыйақы үшін үшінші тұлғаларға банк картасын беру дропперлікке жатады. Министрліктің түсіндіруінше, бұл – интернет-алаяқтардың қолма-қол ақшаға айналдыру және ұрланған қаражатты жасыру үшін жиі қолданатын әдісі.
Қылмыстың ауырлығына байланысты жаза көлемі өзгереді: айыппұл салудан бастап, мүлкін тәркілей отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Оқи отырыңыз: Әзербайжанда туыстар арасындағы некеге шектеу енгізілген соң, үйлену тойлары азайды
ІІМ атап өткендей, жаңа норма кибералаяқтықпен жүйелі күрес жүргізуді, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін күшейтуді және цифрлық ортадағы қылмыстық топтардың қызметін тоқтатуды мақсат етеді.