What are you looking for?

Олимпиада чемпионы күрес түрлерінен әлем чемпионатында төрт тісінен айырылды

16.09.2025

Олимпиада чемпионы Заурбек Сидаков Загребте күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында төрт тісін сындырған. Бұл туралы Ресейдің спорттық күрес федерациясының баспасөз қызметінің жетекшісі Тигран Аванян хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Оның мәліметінше, Сидаков жартылай финалдағы белдесуі кезінде жарақат алған.

Жалпы жарыс қорытындысы бойынша ресейлік балуан қола медальға ие болған.

РИА Sport-тың жазуынша, жартылай финалда Заурбек Сидаков Албания атынан шыққан бұрынғы отандасы Чермен Валиевтен жеңілген.

Ал кеше, дүйсенбіде қола медаль үшін өткен белдесуде ол АҚШ өкілі Дэвид Каррды жеңген.

Айта кетейік, Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан әлем біріншілігінде қазақ балуандары да бақ сынап жатыр. Еліміздің еркін күрес шеберлері әлем чемпионатын екі қола медальмен аяқтады. Қазақстанға қола жүлде сыйлаған балуандар: Нұрқожа Қайпанов (70 келі) пен Асылжан Есенгелді (61 келі).

Ал еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан (97 келі) алғашқы айналымда жеңіліп қалды. Ол ресейлік Магомед Курбановқа жол берді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media