Елорда әкімдігі 21 қыркүйек күні Backstreet Boys концертіне баратын көрермендердің ыңғайлылығы үшін арнайы автобустар қатынайтынын хабарлады. Қоғамдық көліктер көрермендерді концерт өтетін стадионға жеткізеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Астана әкімдігі Backstrees Boys концерті алдында елорда тұрғындарына маңызды жаңалықты хабарлады. Белгілі болғандай, 21 қыркүйек күні әлемге әйгілі топтың концерті өтетін "Астана Арена" стадионына көрермендер үшін арнайы автобустар ұйымдастырылмақ.
Көрермендерді жеткізу сағат 16:00-ден бастап бес аялдамадан басталады:
- "Астаналық цирк" автотұрағы;
- "Әзірет Сұлтан" мешітінің автотұрағы;
- "Қазақстан" спорт кешені (Қ.Сәтбаев көшесі) алдындағы автотұрақ;
- Орталық саябақ автотұрағы;
- "Бас мешіт" алдындағы автотұрақ.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, қосымша шаттл-маршруттардың ұйымдастырылуы жолдағы көлік кептелісін азайтып, қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз