What are you looking for?

Мұнай өңдеу зауыттарына қойылатын талап күшейеді

17.09.2025

Құжатқа алғаш рет " сұранысқа ие мұнай өнімі" ұғымы енгізіледі.

Энергетика министрлігі мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңға түзету енгізу тұжырымдамасын дайындады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Сұранысқа ие мұнай өнімі" көлікте, энергетикада, сондай-ақ құрылыста және майлау материалдарында пайдаланылатын отын. Өндірушілер мұндай мұнай өнімдерін жалпы өндірістің кемінде 45%-ы көлемінде шығаруға міндетті болады.

Қазіргі уақытта ірі зауыттарда ("АМӨЗ" ЖШС, "ПМХЗ" ЖШС, "ПҚМӨЗ" ЖШС) сұранысқа ие мұнай өнімдерінің үлесі 60-75%-ды құрайды. Алайда елде жалпы қуаты жылына 4,5 млн тоннадан асатын 30-дан астам шағын мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейді.

Олардың өнімдері стандарттарға сәйкес келмейді және көбінесе жартылай фабрикат ретінде шетелге шығарылады. Жаңа талаптарды 2029 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу жоспарланып отыр.

Энергетика министрлігінің пікірінше, бұл ішкі нарықты нығайтуға және шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Түзетулер жобасы 30 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Social Link

Follow Me On Social Media