What are you looking for?

Қазақстанда жаңартылған ұлттық деңгейде айқындалатын үлес жобасы әзірленеді

17.09.2025

Премьер-министр 2025 жылғы 5 қыркүйектегі өкімімен жаңартылған ұлттық деңгейде айқындалатын үлес (ҰДАҮ) жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы тапсырмаға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта: "Жаңартылған ұлттық деңгейде айқындалатын үлесті әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру" – делінген.

Жұмыс тобының құрамына енгізілгендер:

  • ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – жетекші;
  • ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі – жетекшінің орынбасары;
  • ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат департаментінің директоры – хатшы;
  • ҚР Сыртқы істер вице-министрі;
  • ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
  • министрліктердің вице-министрлері;
  • ҚР Үкіметі Аппаратының индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімінің меңгерушісі;
  • ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің өкілі (келісім бойынша);
  • "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
  • "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
  • "ECOJER" Қазақстанның аймақтық экологиялық бастамалар ассоциациясының бас директоры (келісім бойынша);
  • "Жасыл даму" АҚ басқарма төрағасы (келісім бойынша);
  • "KAZENERGY" мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының атқарушы директоры (келісім бойынша);
  • "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Энергетикалық және тау-кен активтері департаментінің директоры (келісім бойынша);
  • "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Мұнай-газ активтері департаментінің директоры (келісім бойынша);
  • "Самұрық-Энерго" АҚ "Энергоүнемділік, инновациялық даму және экологиялық қауіпсіздік" департаментінің директоры (келісім бойынша);
  • "Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы" КЕАҚ басқарма төрағасы (келісім бойынша);
  • ҚР тау-кен және металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры (келісім бойынша);
  • ҚР Химиктер одағының вице-президенті (келісім бойынша);
  • "QAZCEM" цемент және бетон өндірушілер қауымдастығының атқарушы директоры (келісім бойынша);
  • "KazWaste" қалдықтарды басқару қауымдастығының атқарушы директоры (келісім бойынша);
  • Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша);
  • БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары (келісім бойынша);
  • GIZ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі герман қоғамының климаттың өзгеруі жөніндегі сарапшысы (келісім бойынша).

Жұмыс тобына 2025 жылғы 1 қарашаға дейін жаңартылған ұлттық деңгейде айқындалатын үлес жобасын әзірлеп, ҚР Үкіметіне енгізу тапсырылды.

Social Link

Follow Me On Social Media