What are you looking for?

"Қайрат" бүгін Лиссабонда чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді

18.09.2025

Бүгін 18 қыркүйектен 19 қыркүйекке қараған түні, Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де Португалия астанасы Лиссабонда "Қайрат" және "Спортинг" футбол командалары кездеседі. Ойын "Жозе Алваладе" стадионында болады, деп хабарлайды Kazinform.

Кездесу Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Агенттік тілшісінің хабарлауынша, бас төреші міндеті польшалық Дамиан Сильвестжакқа жүктелген. Оған отандастары Павел Сокольницки мен Адам Карасевич көмекшілік жасайды. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Марцин Коханек.

Ойыншылар тізімі:

"Қайрат"

Қақпашылар: Александр Заруцкий, Темірлан Анарбеков, Шерхан Қалмырза;

Қорғаушылар: Луиш Мата (Португалия), Дамир Қасаболат, Лев Кургин, Александр Мартынович (Беларусь), Офри Арад (Израиль), Александр Мрынский, Александр Широбоков, Лука Гадрани (Грузия), Данияр Ташпулатов, Егор Сорокин (Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Әділет Садыбеков, Гиорги Зариа (Грузия), Олжас Байбек, Дэн Глэйзер (Израиль), Еркін Тапалов, Юг Станоев (Сербия), Валерий Громыко (Беларусь);

Шабуылшылар: Жоржиньо (Португалия), Дастан Сәтпаев, Эдмилсон (Бразилия), Исмаил Бекболат, Рамазан Бағдат, Рикардиньо (Бразилия).

"Спортинг"

Қақпашылар: Руй Силва (Португалия), Жоау Виржиниа (Португалия);

Қорғаушылар: Зено Дебаст (Бельгия), Джордж Вагианнидис (Грекия), Иван Фреснеда (Испания), Гонсалу Инасиу (Португалия), Усман Диоманде (Кот-д’Ивуар), Хосе Силва (Португалия), Эдуарду Куарежма (Португалия), Рикарду Мангаш (Португалия);

Жартылай қорғаушылар: Коба Коиндреди (Франция), Сотирис Александропулос (Грекия), Матео Танлонго (Аргентина), Габриэль Тейшейра (Бразилия), Хидэмаса Морита (Жапония), Педро Гонсалвеш (Португалия), Георгий Кочорашвили (Грузия), Даниэль Браганка (Португалия), Мортен Юлманд (Дания), Жоао Симоес (Португалия), Лукас Райан (Бразилия), Эдуарду Фелисиссиму (Португалия);

Шабуылшылар: Гени Катамо (Мозамбик), Нуну Сантуш (Португалия), Франсишку Тринкан (Португалия), Максимилиано Араухо (Уругвай), Родригу Рибейру (Португалия), Фотис Иоаннидис (Грекия), Луис Суарес (Колумбия).

Португалиялық команда бұдан бұрын 2018 жылы қазақстандық "Астана" клубымен Еуропа лигасы 1/16 финалында жолықты. Алғашқы ойында олар 3:1 есебімен жеңсе, қарымта кездесуде 3:3 есебі тіркелді.

Айта кетейік, алматылық клуб беделді турнирде "Реал Мадрид" (Испания), "Интер" (Италия), "Арсенал" (Англия), "Брюгге" (Бельгия), "Спортинг" (Португалия), "Олимпиакос" (Грекия), "Пафос" (Кипр), "Копенгаген" (Дания) клубтарымен ойнайды. Қазақстандық команда доп додасында барлығы 8 ойын өткізеді. Оның 4-еуі өз алаңында болса, 4-еуі сырт алаңға жоспарланған.

Негізгі кезеңде барлығы 36 команда сынға түседі.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media