What are you looking for?

Синоптиктер жұма күні Қазақстанның қай облысында -2°C дейін үсік болатынын айтты

18.09.2025

Синоптиктер Қазақстан бойынша алдағы жұма, 2025 жылғы 19 қыркүйекке арналған ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға бойынша, түнде Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында топырақ бетінде -2°C-қа дейін үсік күтіледі.

"Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де оңтүстік циклонның ықпалында болады. Соған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік-шығыста қатты жаңбыр болжанады. Сондай-ақ солтүстік-шығыс пен орталықта бұршақ жаууы мүмкін, дауыл тұрады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, ал солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста және орталықта түнде және таңертең тұман түседі", — деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Тек батыста, солтүстік-батыста және оңтүстікте солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.

Сонымен қатар Қазақстанның бірқатар өңірінде өрт қаупі сақталады:

  • Жоғары өрт қаупі – Жетісу облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Қостанай облысында;
  • Өте жоғары өрт қаупі – Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарында; Жамбыл облысының батысы, солтүстігі мен орталығында; Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында; Батыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында; Қарағанды облысының оңтүстігінде; Ұлытау облысында; Ақтөбе облысының батысы, солтүстік-шығысы мен орталығында; Алматы облысының солтүстігі мен шығысында; Жетісу облысында.

Social Link

Follow Me On Social Media