What are you looking for?

Дубайда әлемдегі ең биік қонақүй ашылады

18.09.2025

Дубай Marina ауданында Ciel Dubai Marina атты жаңа қонақүй 2025 жылғы қарашада есігін айқара ашады.

Бұл құрылыс биіктігі 377 метр, қабат саны – 82, нөмірлер саны – 1004 болып, Gevora қонақүйінің рекордын жаңартпақ, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қонақүйде шатырда орналасқан ең биік "Инфинити-пool", 81-қабаттағы Sky Lounge & Terrace, сондай-ақ жоғары лифт ішкі бөліктері, люкс нөмірлер мен панорамалық терезелер арқылы араб шығанағы мен Palm Jumeirah көріністері көз тартады.

Жобаны "The First Group" компаниясы басқарып, оны IHG-нің Vignette Collection бренді аясында іске асыруда.

Social Link

Follow Me On Social Media