What are you looking for?

Талдықорғанда құтқарушылар газ құбырындағы зақымданудан болған өртті сөндірді

19.09.2025

Талдықорған қаласында Газ-53 жүк көлігі қоршауға соғылып, газ магистральдық желісін зақымдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ мәліметіне сүйенсек, салдарынан көліктің кабинасы 5 шаршы метр және шаруашылық құрылыстың шатыры 4 шаршы метр аумақта жанды. Зақымданған құбырдан газдың ашық жалынмен жануы байқалды.

"Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ өрт немесе төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне дереу хабарласу қажеттігін еске салады!

Бұған дейін Павлодарда жолаушылар автобусы мен жеңіл автокөлік соқтығысып, жеті адам зардап шеккенін жазғанбыз.

Social Link

Follow Me On Social Media