Әзербайжан астанасы Бакуде түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Габала декларациясына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
"Түркі мемлекеттері ұйымы ХІІ саммитінің қорытындысы бойынша Габала декларациясына қол қойылды", — делінген Ақорданың хабарламасында.
Айта кетейік, бүгін Бакуде өткен Түркі мемлекеттері ұйымы ХІІ саммитіне Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Президенті Эрсин Татар мен Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев сөз сөйледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз