What are you looking for?

"Тосынсый жасадым": Ерке Есмахан бала күтушілеріне бағалы сыйлық берді (фото)

22.09.2025

Әнші Ерке Есмахан екі ұлының күтушілеріне бағалы сыйлық беріп қуантты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі Instagram желісінде сторис жариялап, көмекшісін туған күнімен қалай құттықтағанын айтты.

"Бүгін Исламоктың бала күтушісінің туған күні. Гүл мен сыйлық алдық. Сосын екеуін бөлмейік деп, Батырдың да күтушісіне гүл мен сыйлық алдық. Екеуіне Cartier-ден бұрын жаңа телефон керек екенін білемін. Сол үшін тосынсый жасадым. Iphone 16-ны көріп, екеуі жылап қалды. Алғаш рет Iphone ұстап тұр. Екеуін жақсы көремін. Ақкөңіл, адал және қанағатшыл адамдар", — деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің жомарт мінезіне сүйсініп, түрлі пікір қалдырған.

"Ерке сыйласа, демек керемет күтушілер екен", "Ақшам көп болса мен де бала күтушісін жалдар едім", "Ерке мен Райм ең керемет жандар. Бала бағу қиын жұмыс екенін түсінетін жандар", "Өте керемет, жомарт жан", "Өскенде Еркенің баласын бағамын", — деп пікір қалдырған желідегілер.

Ерке Есмаханның Instagram желісіндегі стористен скриншот: instagram.com/stories/erke_esmahan

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media