"Қазгидромет" РМК 7 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Күн райының бұзылуына орай Қазақстанның басым бөлігінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Ұлытау облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде сынап бағаны 1-6 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.
Түнде Алматы облысының таулы аудандарында тұман түседі, сынап бағаны 1-6 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда және Қонаевта 7 қазанда түнде сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсіп, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 7-8 қазанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
7-9 қазанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз