Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровпен кездесті. Олар бірлескен жобаларды талқылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алматы әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, кездесу барысында Сатыбалды мен Дуров бірқатар маңызды мәселені талқыға салды. Олардың қатарында:
- Алматыда AI-зертханасын құру мүмкіндіктері;
- техникалық және IT бағыттарында дарынды жастарды даярлайтын мамандандырылған интернат ашу жобасы;
- білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу жөніндегі бірлескен бастамалар.
Павел Дуров Қазақстанмен серіктестікті дамытуға ниет білдіріп, еліміздің цифрлық технология саласында зор әлеуетке ие екенін атады.
Сонымен қатар ол қазақстандық мәдениеттің жанына жақын екенін және Алматы қаласын ерекше ұнататынын айтты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз