What are you looking for?

Стэнфорд университетінің профессоры Тоқаевқа өзінің қазақ тілінде жарық көрген кітабын сыйлады

22.09.2025

Мемлекет басшысы Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стребулаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

️Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Илья Стребулаев венчурлық инвестиция тарту, сондай-ақ жасанды интеллект саласындағы Қазақстанның стартаптарын дамыту әлеуетін талқылады.

️Президент еліміз венчурлық инвестиция тарту көлемі бойынша аймақта көшбасшы екенін атап өтті. Мемлекет басшысы профессордың сарапшылық пікірін және Қазақстанға венчурлық инвестиция тартуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

️Кездесу соңында Илья Стребулаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің қазақ тілінде жарық көрген кітабын сыйлады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media