Таиландтық лоукостер Thai AirAsia X Алматы мен Бангкок арасында әуе рейсін ашады, деп хабарлайды Көлік министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылғы 7 қазанда көлік вице-министрі Талғат Ластаев Thai Air Asia X компаниясының бас атқарушы директоры Паттра Бусаравонгсемен кездескен.
Кездесу барысында Паттра Бусаравонгсе әуекомпаниясының 2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Airbus A330 ұшағын пайдалана отырып, аптасына төрт рет Алматы мен Бангкок арасындағы әуе рейсін ашу жоспары туралы айтқан.
Сонымен қатар Thai Air Asia X Алматыдан Еуропаның Берлин (Германия) және Манчестер (Ұлыбритания) қалаларына Қазақстанның "ашық аспан" режимінде "әуе еркіндігінің" 5-дәрежесімен рейстерді орындауға қызығушылық танытқан.
Көлік министрлігі қажетті көмек көрсетуге дайын екенін айтып, елдер арасындағы туризм мен іскерлік байланыстарды дамыту үшін әуе рейстерін ашудың маңыздылығын атап өткен.
Айта кетелік, Thai Air Asia X – Жапонияға, Кореяға, Үндістанға, Австралияға, Иранға, Оманға және басқа елдерге орта және ұзақ мерзімді халықаралық рейстерді орындайтын Таиланд әуекомпаниясы. Әуекомпаниясының паркі тоғыз Airbus A330 ұшағынан тұрады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз