What are you looking for?

"40 пайызға дейін жеңілдік": пойыз билеттерін жеңілдікпен алу мерзімі ұзартылды

10.10.2025

"Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыз билеттерін жеңілдікпен сатып алу мерзімі ұзартылғанын хабарлады, деп жазады компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның мәліметінше, жолаушылар 3 қараша мен 11 желтоқсан аралығында 7 бағытқа билеттерді 40 пайызға дейін жеңілдікпен сатып ала алады. Билеттер саны шектеулі.

Мына бағыттағы пойыздарға билетті жеңілдікпен алуға болады.

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жүретін пойыздар:

  • № 9/10 "Астана – Алматы"

Вагон түрі: отыратын (2С)

Пойыз жөнелтілуіне 45-10 күн қалғанға дейін сатып алынған орындарға (отырып баратын) 40 пайыз жеңілдік;

  • № 65/66 "Астана – Жезқазған"

Вагон түрі: туристік (2Д)

Жеңілдік: 25 пайыз – купедегі орындарға;

  • № 67/68 "Астана – Өскемен"

Вагон түрі: туристік (2Д)

Жеңілдік: 30 пайыз – үстіңгі орындарға;

  • № 77/78 "Алматы – Маңғыстау"

Вагон түрі: купе (2К)

Жеңілдік: 25 пайыз – үстіңгі орындарға;

  • № 351/352 "Алматы – Өскемен"

Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)

Жеңілдік: 30 пайыз – үстіңгі орындарға;

  • № 691/692 "Атырау – Ақтөбе"

Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)

Жеңілдік: 20 пайыз – үстіңгі орындарға.

Күн сайын қатынайтын пойыз:

• № 11/12 "Алматы – Шымкент"

Вагон түрі: туристік (2Д)

Жеңілдік: 25 пайыз – купедегі орындарға.

Жеңілдікпен билеттерді www.bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе вокзалдағы билет кассаларынан алуға болады.

Қосымша ақпарат алу үшін 1433 тегін нөміріне қоңырау шалуға немесе WhatsApp арқылы +7 776 714 5686 нөміріне хабарласуға болады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media