What are you looking for?

Данияр Сарекенов Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды

13.10.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 13 қазанда Данияр Сарекеновті Словения Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың Telegram-арнасында жарияланды:

"Мемлекет басшысының жарлығымен Сарекенов Данияр Қабидоллаұлы Словения Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін президент өкімімен Ақан Рахметуллин Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылған еді. Бұл лауазымға Ержан Ашықбаев тағайындалды.

Social Link

Follow Me On Social Media